Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Баспанаға мұқтаждардың бірі Әлия Назарбаевадан 15 млн теңге сұраған

Ол қарызды ай сайын жалақы түскенде 60-70 мың теңгеден шотына жіберу арқылы қайтаратынын жеткізген көрінеді.

Баспанаға мұқтаждардың бірі Әлия Назарбаевадан 15 млн теңге сұраған
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан ақша сұрап жүр. Өтініштердің бірінде автор Елбасының қызынан үй алуға қол ұшын беру туралы өтінішін жеткізіп, қарызға 15 миллион теңге сұраған, деп хабарлады paryz.kz.  

Ол қарызды ай сайын жалақы түскенде 60-70 мың теңгеден шотына жіберу арқылы қайтаратынын жеткізген көрінеді. Өтініш иесінің жазбасын Әлия Назарбаева өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Елбасының қызы өзіне күн сайын көптеген адамның көмек сұрап жүгінетінін атап өтті.

"Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнде көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар. Бірақ қайырымдылықты да қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз! Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал менің ниеттерім күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!" - деді Әлия Назарбаева.