Нұр-Сұлтан маңында ит атқан ер адам ұсталды

Ер адамнан қарда жүретін көлік, екі аңшы мылтығы мен патрон тәркіленді.

Нұр-Сұлтан маңында ит атқан ер адам ұсталды
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан маңында ит атып, құлағын тескен ер адам ұсталды, деп хабарлады paryz.kz.  

Итке оқ атты деген күдікпен Қосшы ауылының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлер оқ атқан ер адамды видеобақылау камерасының көмегімен анықтаған.

"Ер адамнан қарда жүретін көлік, екі аңшы мылтығы мен патрон тәркіленді. Қосымша тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Еске сала кетсек, 21 қаңтарда ауыл маңында жергілікті тұрғындар жараланған хайуанды байқаған. Кейін ол кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Иттің жанында өлі күшік жатқан болатын.