Петропавлда 3 жасар қызын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды

Хал үстіндегі баланы аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарды дәрігерлер беріпті...

Петропавлда 3 жасар қызын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды
фото: ашық дереккөз

Петропавлда 3 жасар қызын аяусыз сабаған келіншек қамауға алынды. 22 жастағы ана баласын есінен танғанша ұрып, артынан  өзі жедел жәрдем шақыртыпты. Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Анасының не себепті мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. Анасынан таяқ жеген қыздың қазіргі жағдайы ауыр көрінеді. Хал үстіндегі баланы аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарды дәрігерлер беріпті. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазір 22 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары Азат Құсайынов.