Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Карантин: БҚО әкімі тұрғындарға қол алып амандаспау керектігін ескертті

"Коронавируспен күресудің екі жолы бар: карантин және вакцина. Вакцина бәріне жетпейді", - деді ол.

Карантин: БҚО әкімі тұрғындарға қол алып амандаспау керектігін ескертті
фото: ашық дереккөз

Бүгін Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енді. Сол себепті, облыс әкімі Ғали Есқалиев тұрғындырды кейбір әдеттен бас тартуға шақырып отыр, деп хабарлады paryz.kz.

"Адамдар әлі күнге дейін қол алысып амандасады. Ішкі саясат басқармасы профилактикалық жұмыстарды күшейтуі қажет. Біз кейбір әдеттен бас тартуымыз керек. Коронавируспен күресудің екі жолы бар: карантин және вакцина. Вакцина бәріне жетпейді. Қазақстан жыл ішінде 6 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отыр. Ол КВИ-ді тез жұқтыруы ықтимал адамдарға салынады. Шектеу шараларын жыл соңына дейін қалдыруға тура келуі мүмкін", - деді ол шұғыл штабтың отырысында.

Еске сала кетсек, бүгін БҚО-да 55 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғалы бері өңірде коронавирустан 175 адам, пневмониядан 264 адам қайтыс болған.