ШҚО-да өткен жылы жемқорлық саны артқан

"Қылмыстық статистикаға сүйенсек, былтыр жемқорлыққа қатысты 129 аса ауыр қылмыс тіркелді", - дейді Жігер Байділдин.

ШҚО-да өткен жылы жемқорлық саны артқан
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Өскеменде өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталдарында бюджетті бақылауға алу бағдарламалары көрсетілген. Сол жерде қаржыны жоспарлау және оны жұмсауды бақылауға алып, департамент басшылығы жүйелі жұмыстар атқарған. Соның нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді. Ал қылмыстық статистикаға сүйенсек, былтыр жемқорлыққа қатысты 129 аса ауыр қылмыс тіркелді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда тоғыз қылмысқа көп", – деді Жігер Байділдин.