Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қаржылық сауат: «Ойыннан тыс» жобасы қаржысынан қағылғандар туралы айтты

Бүгінгі нарықта қаржылық сауаттылықтың маыздылығы артып отыр. Өйткені қаржылық сауаты жоқ адамдар көптеген қаржылық қиындықтарға тап болуда. Құмар ойынның қақпанына түсіп, шырмауынан шыға алмағандар былтыр 100 миллиард теңгеге ұтылған. Бұл туралы Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қаржылық сауат: «Ойыннан тыс» жобасы қаржысынан қағылғандар туралы айтты
фото: Almaty.tv

Ғалымдар құмар ойынның құрығына түскендерді нашақорлардан да қауіпті санайды. Өйткені оның алғашқы белгілерін анықтап, алдын алу қиын. Ең сорақысы арнайы оңалту орталықтарына барған, орташа есептегі 100 адамның тек он бесі түзу жолға түседі екен.

– 2022 жылы ойынға құмар болғандардың шығыны 100 миллиард теңгеден асып кетті. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш 70 пайыздан көп. Музей мен кітапханаға, айти технологиясы сынды сала шығынынан екі есе артық, – деді Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.

Елуге жуық ғалымдар мен лудоманиямен күресіп келе жатқан мамандар сөз алған дөңгелек үстелде, дін өкілдері де пікір білдірді. Олардың айтуынша, ойынға деген ауруы асқанып, амалы таусылғандар мешіт қабырғасына келіп көмек сұрайды.

– Кез келген дінді алатын болсақ, құмар ойынға тыйым салынған. Қасиетті құрандағы «Мәйидә» сүресінде бұл амалдар шәйтанның жолы деп көрсетіледі. Соңғы кезде жастар амалсыз мешітке келеді. Негізі ешбір елде одан құтылу жолы көрсетілмеген. Белгілі бір методика жоқ, – деді ҚМДБ өкілі, Орталық мешіттің наиб имамы Тимур Қалиев.

Құмар ойынның кесірінен қарызға батқандарға заңдық тұрғыда қолдау білдіретін жоба да жолға қойылыпты. Оның басты мақсаты – салы суға кеткендердің сауатын ашып, көмек көрсету. Еріктілерден құралған команда тегін қызмет көрсетеді.

– «Ойыннан тыс» жоба мақсаты – лудоманияның алдын алу жұмыстарын жүргізу. Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстандағы букмекерлік кеңсенің жұмысы заң бойынша реттелмеген. Өйткені букмекерлік кеңселер жарнамаға көп ақша төлейді. Орташа айлық 750 мың теңге. Үш ай  қатарынан ұтылып қалса,  букмекерлік кеңсе сол кісіге шектеу қоюы тиіс. Осындай ұсыныс айтып жатырмыз, – деді «Ойыннан тыс» жобасының жетекшісі Нұржан Жақыпов.

–Жастар уақытын дұрыс бағыттамаған кезде, осындай кеселге шалдығатынын көріп жүрміз.  Сол үшін біз не істеуіміз керек? Олардың потенциалын ашып, бағыт-бағдар беруіміз керек, – деді Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану орталығының жетекшісі Алмасбек Шағырбай.

Қатысушылардың айтуынша, мәселе тездетіп шешімін табу үшін, атқарушы билік өкілдерімен етене еңбек ету керек. «Әлеуметтік желідегі құмар ойындардың жарнамасына қатысты да заңды қатаңдату қажет» деген ұсыныс та айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Ойыннан тыс» жобасы қаржысынан қағылғандар туралы айтты. Бүгінгі нарықта қаржылық сауаттылықтың маыздылығы артып отыр. Өйткені қаржылық сауаты жоқ адамдар көптеген қаржылық қиындықтарға тап болуда. Құмар ойынның қақпанына түсіп, шырмауынан шыға алмағандар былтыр 100 миллиард теңгеге ұтылған. Бұл туралы Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы мәлім еткен болатын.