Тінту кезінде одан 4 ойын терминалы мен 52 компьютер тәркіленді. Оларға құмар ойындарын ойнауға мүмкіндік беретін қосымшалар орнатылған.
Алматыда Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлады paryz.kz.
Тергеу барысында ер адамның электронды казино ашқаны анықталды. Ол өзінің заңсыз бизнесінің арқасында 31,1 миллион теңгеден астам ақша тапқан. Тінту кезінде одан 4 ойын терминалы мен 52 компьютер тәркіленді. Оларға құмар ойындарын ойнауға мүмкіндік беретін қосымшалар орнатылған.
Сот ұсталған адамды Қылмыстық кодекстің 307-бабы ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") бойынша кінәлі деп тапты. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.