Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша күзетшісі бастауыш сыныпта оқитын бірнеше қызды зорлады деген күдікке ілінді. Оқиға жазда болған. Зорлық көрген қыздардың алды 7 жаста екен, - деп хабарлайды Paryz.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленуші қыздардың бірінің анасының айтуынша, 33 жастағы күдікті көрші тұрады әрі ағайыны болып келеді екен. Бұл туралы жергілікті тұрғын 17 қазан күні түскі уақытта хабардар болған. Қызын дереу дәрігерге көрсетіп, кейін полицияға шағым түсірген.
«Ауруханаға барып, тексерттім. Алдымен расымен сондай жағдай болды ма? Көз жеткізіп алайын дедім. Бәрі айдан анық көрініп тұр. Тек мен емес, бірнеше қызды зорлағаны анық… Менің қызым 7 жаста», - деді жәбірленуші қыздардың бірінің анасы.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлған едік.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтің айтуынша, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.
«Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр», - деп жазды ол.
Ер адам кінәсін мойындаған.