Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Зейнетақы жинағын алу тетігі қаңтар айының соңына дейін бекітіледі" – ИИДМ

"Бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында "серуендеп жүр", - деген еді Жамалов.

"Зейнетақы жинағын алу тетігі қаңтар айының соңына дейін бекітіледі" – ИИДМ
фото: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың тұрғын үйге және емделуге зейнетақы жинақтарын алу жөніндегі қағидалардың ұзақ бекітілуіне наразылығына жауап берді, деп хабарлады paryz.kz

Ведомство зейнетақы төлемдерін тұрғын үйге алу тетігі қаңтар айының соңына дейін бекітілетінін айтты.

"Негізгі заң әзірленді, одан кейінгілерді НҚА ведомстволары әзірлеуі керек. Бізге қатысты бұл бір ғана мәселе - зейнетақы қаражатын тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану. Оның механизмі дайындалып, қаңтар айының соңына дейін толық аяқталмақ", - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері бұл мәселеге Ұлттық банк өз құзыреті шеңберінде қосылғанын атап өтті.

"Осыған байланысты, мүмкін, депутатта заңдар кеңселерді аралап жүр деген ой болған шығар", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге алу мәселесі бойынша ереженің ұзақ бекітілуіне наразылық білдірген болатын.  

"Бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында "серуендеп жүр", - деген еді ол.