Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алаяқтар енді елорда әкімдігі атынан хабарласып жатыр

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан полициясы өткен жылы алаяқтық үшін 97 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Алаяқтар енді елорда әкімдігі атынан хабарласып жатыр
фото: ашық дереккөз

Елордалықтарға алаяқтар хабарласып, 5 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ұсынып жатыр, деп хабарлады paryz.kz

"Елорда тұрғындарына әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері атынан телефон шалып, басқарма атынан 5 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде ақша ұсынуда. Бұл үшін картаға қомақты қаржы сомасын аударуды талап ететін алаяқтардың әрекеттерінен сақтануды сұрайды", - деп хабарлады қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Сондай-ақ, мұндай жағдай болса, бірден полицияға хабарласуды сұрады.

Бұл ретте әлеуметтік көмек тұрғындардың жеке (карталық) шотына ақшалай қаражат аудару арқылы қандай да бір құжаттарды талап етпестен жүзеге асырылады-мыс. Тізімдерді қалыптастыру әлеуметтік төлемдер орталығы мен тиісті мемлекеттік органдардың мәліметтер негізінде орындалмақ. Атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет, тек қана бір негіздеме бойынша жүзеге асады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан полициясы өткен жылы алаяқтық үшін 97 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты. Қылмыстың басым бөлігі интернетте тауарлар мен қызметтерді сатып алу-сату бойынша жасалды.

Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау бабы бойынша 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Сондай-ақ, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.