Әлеуметтік желіде құдалардың тікұшақтан түскені туралы видео тарады

Әлеуметтік желіде бір топ адамның құдалыққа тікұшақпен келген видеосы пайда тарап жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Әлеуметтік желіде құдалардың тікұшақтан түскені туралы видео тарады
Фото: видеодан скриншот

Әлгі видеодан құдалардың "Бақытты бол!" деген жазуы бар сары тікұшақтан түскені байқау қиын емес. Артынша бәрі суретке түсіп, шашу рәсімі орындалған. 

Құдалардың бұл әрекетіне қатысты желі қолданушылары екіұшты пікір білдірді. 

Керемет. Жастар бақытты, байқуатты болсын!", "Дұрыс, қазағым осылай жүрсін", "Байдың ақшасын байғұс қызғанады. Қолдан келсе неге жасамасқа. Бәріне жұғысты болсын!", "Кезінде Тұрсынбек 2020 жылы құдалар вертолетпен келетін шығар деп еді. Дәл айтыпты ғой", "Құдалар островтан келген бе, құда күтіп емес ақша жинап жүр ғой құдағилар", "Тоқшылық не істетпейді. Доллары көп болса мұқтаждарға неге бермейді", "Дарақылық. Қазақ білімге, ғылымға осылай құштар болса ғой. Бос мақтаншақтық қанымызда бар", "Адал еңбекпен тапқан ақшаны бұлай шашпайды, - деді желі қолданушылары.