Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Вакцина салдырғандар үшін электронды паспорт ақыры енгізілетін болды

"Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі", - дейді Цой.

Вакцина салдырғандар үшін электронды паспорт ақыры енгізілетін болды
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде есепке алуды жүйелеу мақсатында вакцинацияның электронды паспорты әзірленгенін айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Вакцина салдырғаны туралы мәлімет министрліктің орталықтандырылған ақпарат жүйесіне электронды форматта енгізіледі. Мәліметті пациент және медицина қызметкері m-gov қосымшасына өзі жүктеп, енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі", - деді Цой Үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина егіледі

Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын ескерткен еді.