Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ШҚО-да 5 мыңнан астам адам шоқыну мерекесінде ойыққа шомылды

Суға шомылғандардың дені – өскемендіктер (2 мыңнан астам адам).

ШҚО-да 5 мыңнан астам адам шоқыну мерекесінде ойыққа шомылды
фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам ойықтағы суға шомылды, деп хабарлады paryz.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, шоқыну түнінде суға шомылғандардың дені – өскемендіктер (2 мыңнан астам адам). Ал Семейде – 507, Риддерде – 338, Алтай ауданында 476 адам шомылған.

"Карантин мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталды. Құтқарушылар, полицейлер және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерлерде бақылау жүргізді. Ешқандай жазатайым оқиға тіркелген жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскелерге 150-ден астам құтқарушы, 45 медицина қызметкері, 113 полицей мен 73 техника жұмылдырылған.