Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырауда 30-дан астам қызметкер жалақыларын талап етті (ВИДЕО)

Дегенмен жұмысшылардың жалақысын қашан алатындығын ешкім нақты айта алмады. Оларға тек осы еңбек жанжалын шешу үшін жұмыс комиссиясы құрылатыны туралы хабарланды.

Атырауда 30-дан астам қызметкер жалақыларын талап етті (ВИДЕО)
фото: дереккөз

18 қаңтарда "Gruppo RF Kazakhstan" компаниясының 30-дан астам қызметкері Қарабатанға барып, сол жерде митинг өткізу үшін кеңсе алдына жиналды. Жиналған жұрттың алдына менеджерлер - Стефано Антими мен Светлана Муратова шығып, жағдайды түсіндірді, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.  

Менеджерлердің айтуынша, олар "Базис-А"-дан 20 миллион теңге көлемінде аванстық төлем алған, бірақ бұл ақша олардың жалақысын төлеуге жетпейді екен. 

"Бізде ақша жоқ, сондықтан біз жұмысшыларды жалақысыз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр болдық. Қазір Италиядағы құрылтайшыдан ақша күтіп отырмыз. Ешкімді алдаған жоқпыз, қалған жұмысшылар сияқты біз де негізгі құрылтайшыдан ақша күтіп отырмыз", - дейді Антими мен Муратова.

Сондай-ақ кеңсеге Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы, "Базис-А" ЖШС өкілдері, облыстық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, полиция өкілдері келген.

"Біз "Gruppo RF Kazakhstan" ЖШС-ін тексеруді бастадық. Алдын ала мәліметтер бойынша, компания қызметкерлеріне 20 миллион теңгедей қарыз. Біз қазір анықтап жатырмыз. 9 желтоқсанда 48 жастағы жұмысшыны құбырлар қысып қалған өндірістік апат туралы айтатын болсақ, жұмыс беруші бізге осы оқиға туралы хабарлады. Біз осы мәселемен айналысып, жұмыс берушінің кінәсі бар деген қорытынды жасадық. Материалдар Атырау облысының Полиция департаментіне жолданды", - деді Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы бастығының орынбасары Думан Абиев.

Дегенмен жұмысшылардың жалақысын қашан алатындығын ешкім нақты айта алмады. Оларға тек осы еңбек жанжалын шешу үшін жұмыс комиссиясы құрылатыны туралы хабарланды.