Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Сыр өңірінде 1,845 км ауыз су желісі жүргізілуде

Ел Президентінің маңызды бастамалар көтерілген биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ел экономикасын көтерудің басты тетіктері сараланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сыр өңірінде 1,845 км ауыз су желісі жүргізілуде

- Ауыз су мәселесін толық шешу – ең бірінші міндетіміз. Бұл бағыттағы жобалар сапалы, жұмыстар тиянақты болуы тиіс. Жол карталары мен жоспарлар нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысы жүйелі жүргізілуі керек, - деді Президент.

Шиелі ауданында сапалы ауыз сумен 39 елді мекендегі 85 мыңнан аса тұрғынның 98 пайызы қамтамасыз етілген. Оның ішінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 23 елді мекен, оқшау су көздері арқылы 7 елді мекен, ұңғыма арқылы 5 елді мекен, «Теміржол су – Қызылорда» ЖШС арқылы 4 елді мекен қамтылған.

Биылдың өзінде облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Шиелі ауданында Қызылқайың елді мекенінде және Қосүйеңкі елді мекенінде ауыз сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймаларының құрылысы жүріп жатыр. Жоба бойынша 15 тонна су мұнарасы, 2 ұңғыма қазылды. Сонымен қатар 1,845 км ауыз су желісі жүргізілуде. Аталған нысан қараша айында пайдалануға беріледі.