Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматылық әйел баннерлердегі суреті үшін миллион теңге талап етті

Телеарна мәліметінше, Алматы әкімдігіндегілер былтыр баннерлердің кейіпкері филиппиндік екенін, ал суретті интернеттен алғанын айтқан...

Алматылық әйел баннерлердегі суреті үшін миллион теңге талап етті
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен оның баннерлердегі суретін коронавирусқа қарсы насихат ретінде пайдаланғаны үшін ақша төлеуді сұрады, деп хабарлады paryz.kz, "31-арнағаға" сілтеме жасап.  

Маскадағы әйелдің суреті қазірдің өзінде COVID-пен күресу науқанының символына айналды. Ол алғаш рет өткен көктемде Алматыдағы баннерлерде пайда болған еді. Енді оның фотосы қайтадан қоғамдық көлікте, аялдамаларда және ғимараттардың кіреберісінде тұр.

Телеарна мәліметінше, Алматы әкімдігіндегілер былтыр баннерлердің кейіпкері филиппиндік екенін, ал суретті интернеттен алғанын айтқан. Бірақ Алматы облысының тұрғыны, қазақ қызы Самал Омарова баннердегі өзі екенін ескертті. Айтуынша, оның суретін рұқсатсыз пайдаланған.

Самал Алматы облысының Жанашыр ауылында тұрады. Үш қыз тәрбиелеп отыр. Сүт зауытында лаборант болып жұмыс істейді. Баннерлерде маскадағы әйелдің суреттері пайда болған кезде Самалдың анасы алдымен оның суреттері неге барлық жерге ілінгенін сұраған екен. Күйеуі мен қыздары да дәл осындай сұрақ қойған. Самал оны кім және қашан түсіріп алғанын білмейді. Бұл сурет банкте жасырын түсірілген деп болжап отыр.

"Менің суреттерім барлық жерде болғанына қуаныштымын. Олар жарнамаға 6 миллион берген, ал маған кем дегенде миллион берсін", - дейді қыз.

Фотограф-дизайнер Максим Леонидов мұндай суреттерді тек жоғары сапалы жабдықты қолдана отырып қана жасауға болатынын айтады.