Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды

Қазіргі таңда тергеу әрекеттерін жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлері жүргізіп жатыр.

QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды
фото: tengrinews.kz

Алматыда QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, QI-Trade Kazakhstan ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С. есімді, сондай-ақ 1994 жылы туған Б. есімді ер адам ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот қамауға алу түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С. есімді ер адам халықаралық іздеуге берілгенін еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Компанияның қазіргі шоттарына шектеулер қойылды. Бүгінде тергеу әрекеттерін жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.