Димаштың ең кішкентай жанкүйері желідегілерді сүйсінтті (ВИДЕО)

Ал ресейлік композитор бұл баладан жақсы дирижер шығатынын болжап, ата-анасына қазірден қам жасауға кеңес беріпті.

Интернет кеңістігінде Димаш Құдайбергеннің ең кішкентай жанкүйерінің видеосы пайда болды. Видеода бала Димаштың әні өзіне ұнайтынын айтып, тіпті жақсы көретін әншісінің қылықтарына дейін өз қимылымен көрсетеді. Көп ұзамай бұл видеоны Димаш Құдайбергеннің өзі, одан соң композитор Игорь Крутой да желідегі парақшаларында бөлісті, деп хабарлады paryz.kz.

Видеодан баланың әннен керемет әсер алып отырғанын, көзін жұмып, әнге тұла-бойымен берілгенін көруге болады.

"Қандай сүйкімді балақай. Құдай қаласа, мықты азамат болып өсесің! Қайырлы таң, құрметті диерс" деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасына.

Ал ресейлік композитор бұл баладан жақсы дирижер шығатынын болжап, ата-анасына қазірден қам жасауға кеңес беріпті.