БАЙҚОҢЫРДА «ЖАЙДАРМАН» ЛИГАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан Байқоңыр қаласының жастарын әлеуметтендіру, оның ішінде: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

БАЙҚОҢЫРДА «ЖАЙДАРМАН» ЛИГАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Осы мақсатта облыс әкімі мен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының арасында «Байқоңыр қаласының жастарын қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын.

Жоспар аясында жергілікті жастарды мәдени-көпшілік, спорттық, патриоттық шараларға тарту және республикалық, облыстық тынығу лагерлеріне Ресей Федерациясы азаматтығы бар жастарға жолдама беру секілді ауқымды шаралар қамтылды.

Бүгін жоспарға сәйкес Байқоңыр қаласының шығармашыл жастарын қолдау мақсатында қалалық «Жайдарман» лигасы құрылды. Сондай-ақ, қалалық «Жайдарман фестивалі» ұйымдастырылып, үздіктер қатарынан көрінген командаларға облыстық кезеңге жолдама табысталды. Аталған лига құрамына Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай елдімекендерінің жастарынан құралған 10 команда тіркеліп отыр.