Онлайн оқуға қатыспаған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Орта білім беру ұйымының кәмелетке толмаған оқушысы 2 ай бойы жүйелі себепсіз онлайн сабаққа қатыспаған...

Онлайн оқуға қатыспаған баланың ата-анасына айыппұл салынды
фото: ашық дереккөз

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлы колледжде онлайн сабағына қатыспағаны үшін анасына қатысты істі қарады. Әйелге айыппұл салынды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сот істі "Кәмелетке толмағанның тәрбиесімен немесе оқумен, құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты міндеттерді орындамау" бабы бойынша қарады. Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, орта білім беру ұйымының кәмелетке толмаған оқушысы 2 ай бойы жүйелі себепсіз онлайн сабаққа қатыспаған.

Осы себепті, сабақтан қашқан жасөспірімнің анасына қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Әйелге 20 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.