Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қостанайлық азамат Қарағанды облысындағы құлдықтан әрең қашып құтылған (ВИДЕО)

Қостанай облысының тұрғыны Қарағанды облысындағы қыстақта 6 жыл бойы еңбек құлдығында болған. Киімі жыртылып, үсті-басы ластанған оны жедел жәрдем жүргізушісі қашып жүрген жерінен жолда байқап қалған. Бұл туралы «Патриот» порталы хабарлады.

Қостанайлық азамат Қарағанды облысындағы құлдықтан әрең қашып құтылған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысының Осакаров ауданына қарасты Молодежное ауылының маңындағы қыстаудан қашып кеткен Александр Вдовиченко өзінің құлдықта болғанын айтады. Жедел жәрдем жүргізушісі оны Қарағандыға барар жолдан көргенде жыртық киіммен, үсті-басы кір әрі аш болған екен.

Ауысымнан кейін өз көлігіммен үйге бара жатқан едім. Жолда мені жыртық киім киген, үсті-басы лас адам тоқтатты. Ол 6 жыл бойы еңбек құлдығында болып, қашып кеткенін айтты. Аты-жөні Александр Вдовиченко екен, – деді Ерсін Тілеубердинов.

Осыдан 6 жыл бұрын шаруа қожалығының иесі Александрға бір маусымға қыстайтынын айтып, мал бағуды ұсынған. Соның салдарынан құжаттарын иемденіп, жалақысын бермеген. Ал жұмысқа ресми түрде орналастырмаған. Шындығында ол тек тамақтану үшін ғана жұмыс істеген.

Александр қашып құтыла алмаған. Себебі оны үнемі қыстақ иесі үлкен отбасымен бақылап отырған. Сөйтіп 6 жылдың ішінде оған сол шаруа қожалығында жұмыс істейтін әйелді қосқан. Александрға туыстарын шаруа қожалығына шақыруға рұқсат етілмеген, той да болмаған.

Осылайша, кейін оның қызы дүниеге келеді. Оны қыстақ иесінің туыстары босандырған. Қазір қыз 2 жаста, сонда тұрады.

Құжаттарды беруін өтіндім. Учаскелік полиция инспекторы сұрайды дедім. Бірақ ол құжаттардың өзінде қалса жақсы болатынын айтты, – дейді Александр.

Кейін ол қашуға шешім қабылдаған. Бірнеше күн дала арқылы Қарағандыға дейін жаяу жүрген. Ұсталмау үшін қараңғыда ғана жүріп отырған. Туған жері – Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылына жетіп, сол жерде арыз жазуды ұйғарған. Жедел жәрдем жүргізушісі жігітті Қостанайға таксиге отырғызып жіберген.

Бұған қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қысқаша түсінік берді.

Александр Вдовиченко дерекқорда жоғалғандар тізімінде жоқ. Оған арыз түссе, шара қолданылады, – деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.