Көкшетауда жоғалып кеткен көпбалалы әйел табылды

Ол қаңтардың 12-сінде түнгі сағат 23:30-дар шамасында үйінен шығып кеткен.

Көкшетауда жоғалып кеткен көпбалалы әйел табылды
фото: ашық дереккөз

Көкшетауда үйінен кетіп қалған көпбалалы әйел табылды, деп хабарлады paryz.kz, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биыл қаңтардың 13-інде Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйінен белгісіз жаққа кетіп қалған 32 жастағы әйелін іздеп табуға көмек сұраған.

"Осыған байланысты тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын қолға алды. Оған тәртіп сақшыларынан бөлек, еріктілер де тартылды. Көкшетау қаласындағы барлық бейнебақылау камераларының бейнежазбалары тексеріліп, әйелдің туыстары мен таныстары сұралды", - деді ведомстводан.

Белгілі болғандай, әйелдің кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Ол қаңтардың 12-сінде түнгі сағат 23:30-дар шамасында үйінен шығып кеткен.

"Арада бір күн өткен соң әйелді тәртіп сақшылары тапты. Ол отбасылық мәселеге байланысты үйінен кетіп, жалғыз болғысы келген", - деп толықтырды ведомстводан.