Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Азаматтарға арналған үкімет": Атырауда архив құжаттарын қоқысқа тастай салған

Қазір белгіленбеген жерге қоқыс тастаған автокөлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тексеру жүргізілуде...

"Азаматтарға арналған үкімет": Атырауда архив құжаттарын қоқысқа тастай салған
фото: дереккөз

Атырауда архив құжаттары қоқысқа тасталған, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, кеше,яғни 13 қаңтарда құрылыс қалдықтарының арасынан жеке куәлік, төлқұжат, азаматтардың өтініштері, төлем құжаттары, табысы туралы анықтамалар секілді құжаттар табылған.

"Полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қоқыстан барлық табылған құжат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау филиалына тиесілі екені анықталды. Мұндай архив құжаттары мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде талап етіледі", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір белгіленбеген жерге қоқыс тастаған автокөлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тексеру жүргізілуде.