Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Aғасының қолында құлдықта жүрген екі қыз туралы жаңа дерек шықты

Түркістан облысында апалы-сіңлі екі қызды өз ағасы құлдыққа жеккен. Ата-анасынан қалған үйді сатып жіберген ағасы, өз қателігін мойындады, деп хабарлайды Paryz.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Aғасының қолында құлдықта жүрген екі қыз туралы жаңа дерек шықты
Фото: видеодан скриншот

"Жасандылық бұл диагнозда болмайды. Екінші, біреудің сөзін қайталамайды. Үшінші фактор, жұмсақ жерді жақсы көреді, яғни қайдан жылулық көреді сол жаққа ұмтылады. Шизофрения деген диагноз айтылыпты. Ол диагнозды байқаған жоқпын. Ешқандай шизофрения жоқ. Бұл жерде ақылесінің кемістігі орташаг. Орташа дәрежесіне сипаттама берейін. Әрқашан бақылауда ұстауды қажет етеді. Өзі тұрып, өзі жұмыс жасай алады, бірақ бәрібір де бақылау қажет. Өзі тұрып әрекет жасай алады, орта мектепті бітірмесе де, жеңіл дәрежесінде колледж бітіруге мүмкіншілігі болады олардың. Құндыздың жағдайы шамалы ауырлау, Назгүлдікі дұрыстау. Әртүрлі логикалық сұрақтар қойып көрдім. Агрессия бір периодта болады. Сезон ауысқан кезде болады. Олар тіпті бір-бірін ұрып-соғуы да мүмкін, ондай агрессия көрсетпеуі де мүмкін. Өйткені бұл аурудың клиникасында солай жазады. Екеуі де бір-бірін бақылай алмайды. Мен сұрақ қойған кезде бұлар қойдың санын да білмейді. Өйткені бұл туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болғаны белгілі, жүре пайда болғаны үш жастан кейін көрініс бере бастайды. Ағасы мен жеңгесіне шизофрения деген диагноз қойып берген ғой. Негізгі қателік қай жерде басталғанын айтайын. Мектептен бастайын, ол жерде мұғалім, психолог бар. Баланың білімі жетпей жатқан кезде міндетті түрде бұл балалар арнайы мектепке бару керек деп дабыл қағу керек. Бұл адамдарға терапия, реабилитация және дағдыландыру керек. Ақыл-есінің кемістігі бар балалар ортадан қорқады. Социофобия деген нәрсе бар, сондай жерден қашып жүреді. Сондықтан оларды арнайы мектепте оқытуы керек еді. Бастапқы қате осы жерден кеткен", - деді психиатр Санжар Тұрсынметов. 

Қыздардың жағдайынан бұрыннан хабардар болып келген ауыл әкімі оларды мемлекетке өткіземін деп жеңгесі мен ағасы ешқашан келмегенін жеткізді.

"2013 жылы "Тұл жетім" бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданынан 2 бөлмелі үй алып бергенбіз. Сонда 3-4 жыл тұрды. Ол кезде қараушысы Қанат деген кісі болды. 2009 жылы Қанаттың шешесі бірге тұрып, қарады. Одан кейін ауылға қайта келді бұл қыздар. Қанат отказной жазып өткізіп жіберіпті. 2016-2017 жылдан бері қыздар ауылда тұрады. Сосын үй облыстың қарауына өтіп кетті.  Екі қыздың жағдайын 15 күннен бері білемін. Сол кезде екі дәрігер мен өз қарамағымдағы адамдарды жібердім. Бірақ осы уақытқа дейін мен мына қыздарды қарай алмаймын, өткіземін деп ешкім арызданған емес. Әкім болғаныма үш жыл болды" - деді Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі Айдархан Рүстемов. 

Ал Назгүл мен Құндыздың жеңгесі әу бастағы мақсатым екеуін үкіметке өткізу болды дейді. 

"Менің о бастағы мақсатым және қазіргі мақсатым да екеуін үкіметке өткізу" - деді екі қыздың жеңгесі. 

Отырар ауданының Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысының айтуынша, олардың есігін қыздардың жеңгесі тек пәтер жағдайымен ғана қаққан. 

"Есімде бары Отырар ауданының экс-әкімі Әбдіғани Жүнісовтың кезінде Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданында пәтерге қатысты жұмыстармен келген болатын. Пәтерді немере ағасы алып қойып жатыр деген мәселемен келді. Ол пәтердің мәселесі біздің құзыретімізге кірмейтіндігін, Шымкент қаласындағы Тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бару керегін айттық. Бізге жалғыз келген жоқ, жанында сіңлісі болды. Үкіметке екі қайынсіңлімді өткізейін деп едім деген мәселемен келген емес. 

Назгүл екінші топ мүгедегі болғандықтан жоқ. Ал Құндызға 1 шілдеден бастап 65 000 теңге. Оған дейін 42 мың теңге болған. Ал қамқоршылыққа бірінші топ мүгедегіне 90 000 теңге, екінші топ мүгедегіне 71 000 теңге болды. Жалпы 226 000 теңге алады ай сайын", - деді Отырар ауданының Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Қалдира Қызбай.

Сонымен қатар қыздардың үлкені Назгүлдің атындағы әке-шешесінен қалған үйді аға жеңгесі сатып жіберген. 

"Ол үй әке-шешемізден қалған. Ол үйді өзім алғанмын. Үйді екі-үш жыл бұрын 900 000 теңгеге саттым. Әкеміз қайтыс болғанда біз времянкада тұрғанбыз. Әкеміз қайтыс болған соң шешесінің атына өтті үй. 2008 жылы қайтыс болғаннан кейін қыздың атына өтті" - деді Сәулебек Әбілдаев. 

Қыздардың жағдайын қорытындылай келе, оларды ағасы мен жеңгесі Тараздағы көпбалалы ана Зүльфия Төленованың қамқоршылығына беретін болды.