Оқиғаға Маңғыстау облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.
Ақтауда ер адам жерде жатқан азаматты аямай соққыға жықты, деп хабарлады paryz.kz.
Әлеуметтік желіде ер адамның екінші бір адамды ұрып жатқан сәтінде түсірілген видео тарады. Видеодан ер адамның жұдырықпен қарсыласын бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, ол ұрып жатып: "Сен Берішсің бе?.. Мен Адаймын!" - деп айқайлайды.
Тағы оқи отырыңыз: "У ішсең – руыңмен": Айсұлтан Назарбаевтың Отырарға жерленуі мүмкін бе?
Оқиғаға Маңғыстау облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.
"Қоғамдық орында төбелес ашқаны үшін шара қолданылады. Ер адамдар жауапкершілікке тартылады", - деді ведомстводағылар.