Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбе облысында теміржолшылар қысқартуға қарсы шықты (ВИДЕО)

Жұмысшылар күдігін депо басшылығы жоққа шығарды. Алайда, депо жұмысында жаңа өзгерістер болатынын мойындады.

Ақтөбе облысында теміржолшылар қысқартуға қарсы шықты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде Шалқар ауданының теміржолшылары жаппай қысқартуға ұшырауы мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

Пандемия кезінде жұмыссыз қалу теміржолшылардың наразылығын тудырды. Айтуларынша, басшылық локомотив депосындағы 300 жұмысшының жартысына жуығын қысқартпақ. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі арқылы тарады. Теміржолшылар қысқартуға қарсы ереуілге шыққан. Жұмысшылар арыз-талаптарын Шалқар айналым депосы басшылығы мен аудандық әкімдікке жеткізді.

"Бұл жерде өмір сүріп жатқан халық теміржолдың арқасында отыр. Мына жағымыз - Ембі, мына жағымыз - Сексеуіл.  Әрқайсысымызда 5-6 баладан бар. Бір-бір ипотека. Мысалы мен балаларымды аяқтандырған жоқпын. Ертең сокращение болады. 99-жыл қайтып келеді. Сол жағдай басыма қайтып келмесіне кім кепілдік береді? Менің балдарымды кім жеткізеді?" - дейді теміржолшы.  

Жұмысшылар күдігін депо басшылығы жоққа шығарды. Алайда, депо жұмысында жаңа өзгерістер болатынын мойындады. Бұл тың өзгерістердің қысқартуға қатысы жоқ көрінеді.

"Сокращение болмайды. Технология работы өзгереді. Бірақ сокращение болмайды. Адамдардарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз", - дейді "Жүк тасымалы" АҚ Ақтөбе бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Айбек Таласов.