09.09.2020, 18:25

Шымкент – Жібек жолы автотрассасы ақылы болады

сурет Sputnik / Максим Богодвид

Жеңіл автокөлік иелері үшін бұл төлем әр шақырымға 1 теңге болады, ал ауыр жүк көліктерінің ақысы әзірге белгісіз, деп хабарлайды sputniknews.kz.

 

Әзірге төлем терминалдары бар үш арка тестілік режимде жұмыс істейді және жүк автокөліктерінің жүргізушілері ғана жол жүру ақысын төлейді. Ал келесі жылы Түркістан аумағындағы 300 шақырым жолдан өту үшін көлік иелерінің барлығы ақы төлейді.

Қаржы жолдарды күтіп ұстауға және инфрақұрлымдық жүйені жақсартуға жұмсалады. Жол ақысын арнайы терминалдарда мобильді платформалар арқылы төлеуге мүмкіндік туады.

Жеңіл автокөлік иелері үшін бұл төлем әр шақырымға 1 теңге болмақ. Ал ауыр жүк көліктерінің ақысы әзірге белгісіз.

"Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты қоғамдық тыңдау өтеді. Кей аумақтарға қазірдің өзінде аркалар қойылып қойды. Мұны елордалық компания іске асырып жатыр", - дейді "ҚазАвтоЖол" АҚ ҰК Түркістан филиалы директорының орынбасары Ерлан Кенжеханов.