Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Свинка пеппаның» даусымен сөйлесең ғана қарайды»: маман баланың миы қалай паралич болатынын айтты

Остеопат маман Лариса Орынбасарқызы қазір балаларға туа сала телефон ұстату арқылы цифрлық аутизм кеңінен таралып кеткенін айтады, деп хабарлайды  Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Свинка пеппаның» даусымен сөйлесең ғана қарайды»: маман баланың миы қалай паралич болатынын айтты
Коллаж: Azattyq Ruhy

«Баланы 5 минут тыныштандырамын деп телефон, гаджет беріп өмірін құртып алмаңыздар. Өз тәжірибемде болған жағдайды айтып отырмын. «Свинка пеппаның» дауысын салып, амандасып, солай ғана бірдеңе істеткізе аласың. Қалған дауысты қабылдамайды. Ми мультфильмнің дауысын ғана жаттап алған. Бұл – цифрлық аутизм. Көздері жан-жаққа жүгіріп, тек бір сөзді қайталай береді. Бұл мүлдем күлетін дүние емес. Анасы «Свинка пеппа» күнімен қосулы тұрғанын айтады. Біз мамандардың көмегімен баланың зейінін тұрақтандырамыз. Оны қалыпқа келтірмей, ем бастауға болмайды. 20 минуттан кейін теледидар көріп отырған баланың миы паралич болады», - дейді ол.

Маман цифрлық аутизмді мамандардың көмегімен емдеуге болатынын айтады.

Пікір қалдырушылар мультфильм көргеннен балалары ағылшынша сөйлеп, сандарды ерте жастан жаттап алғандарын жазған.

Сондай-ақ олар кейбірі балаларына мультфильм көп көрсетпесе де, тура осындай белгілері бар екенін айтып жатыр.