Семейде әйел 3 миллион теңге салған сөмкесін автобуста ұмытып кеткен (ВИДЕО)

Бұл қоңыраудан кейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция патрулі толық жұмылдырылды...

Семейде әйел 3 миллион теңге салған сөмкесін автобуста ұмытып кеткен (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Семейде жергілікті тұрғын №35 автобуста 3 миллион теңге салған рюкзагын қалдырып кетті, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

38 жастағы әйел 102 нөміріне сөмкесінің жоғалғаны туралы айтып хабарласқан. 

"Ол Водный ауылының маңындағы аялдамадан түскенін, автобус қалаға қарай жүріп кеткенін айтып хабарласты. Автобусты тоқтатуды сұрады. Бұл қоңыраудан кейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция патрулі толық жұмылдырылды", - деді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Жедел кезекші сыртқы бақылау камераларының көмегімен автобустың қайда екенін анықтап, оған жақын жердегі патрульді бағыттады. "ЦУМ" алдамасында автобус тоқтатылды.

Полицейлер автобустан ақша салынған сөмкені тауып, иесіне қайтарды. Автобус қала шетінен орталығына дейін жүріп келгенмен, сөмкедегі ақша да, заттар да жоғалмаған.