Ерлан Қошанов: Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау – «AMANAT» партиясының басым бағыты

Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері, «АМАNАТ» төрағасы Ерлан Қошанов партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ерлан Қошанов: Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау – «AMANAT» партиясының басым бағыты

Еліміздің әр өңірінің тұрғындарыинфрақұрылымды дамытуға, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға қатысты және басқа да мәселелермен «AMANAT» партиясына жүгінді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағыАлтай қаласының 40 мың тұрғыны атынан хабарласқан бір топ азамат Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол салу мәселесін көтерді. Онда жыл сайын мыңдаған турист келеді.

«Алтай және шекара маңындағы Катонқарағай аудандарының тұрғындарыүшін бұл жолдың маңызы зор. Мұндағы құрылыс 2018 жылы басталған еді, бірақ кейін толығымен тоқтап қалды. Мемлекеттік орман қорынан жер телімдерін беружұмыстары кешіктірілуіне байланысты жолды жөндеуге қажет материалдар қымбаттап кетті. Сізден жолды жөндеу жұмыстарын тездетуге көмек көрсетуіңіздісұраймыз», – делінген азаматтардың ұжымдық үндеуінде. 

Ерлан Қошанов партия филиалына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, жол құрылысына қажетті барлық жер телімін беру мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ қажетті қаражатты бөлуді жеделдетукерек екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекара маңындағы өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып, ішкі туризмді дамытуға барлық жағдай жасауды тапсырды. Бұл орайда аталған мәселелеросы жолды жөндеуге тікелей қатысты болыпотыр. Мұндағы жұмыс басталып та кеткен. Сондықтан бұл мәселені қысқа мерзімде шешу керек», – деді партия Төрағасы.

Ал Ақтау қаласының тұрғыны Айсұлу Құрманғазиева мен күйеуі Жалғас Куватов кәсіпкерлікпен айналысып, сауда павильонын ашуды жоспарлап отыр. Екеуі де екінші топтағы мүгедек.

- Бізге жұмысымызды бастау үшін рұқсат алуға жәрдемдесуіңізді және материалдық тұрғыда көмек көрсетуіңізді сұраймыз, – деді Айсұлу Құрманғазиева.

 

Ерлан Қошанов партияның өңірлік филиалына өтініш берушілерге барынша көмеккөрсетуді тапсырды. Ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жан-жақты қолдау – «AMANAT» партиясының басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Ақмола облысы Шортанды кентінің 8 мыңнан астам тұрғыны ауыз су тапшылығын өткір сезініп отыр. Мәселенің шешімін іздеген Серікбол Мерей партия төрағасымен кездесуге келді.

- Қолданыстағы жеті ұңғыманың тек төртеуі ғана жұмыс істеп тұр, қалғандарында су қоры таусылған. Әсіресе, жаз мезгілінде егістіктерді суаруға және техникалық қажеттіліктерге көп мөлшерде пайдаланылғандықтан су тапшылығы айтарлықтай сезіледі, – деді ол.

Ерлан Қошанов бұл мәселені шешу үшін қазіргі уақытта топтық су құбырын тарту жобасы әзірленгенін айтты. Жұмыс көлемі мен оны орындаушылар белгілі болды. «AMANAT»партиясының Мәжілістегі фракциясы су құбыры желілерін қайта жөндеугереспубликалық бюджеттен жақын арада тиістіқаражат бөлуді өз бақылауына алады.

​Ал елорда тұрғыны, 11 баланың анасы Нұргүл Қадырбаева екі ұлы Арман мен Анас футболдан Қазақстан мен ТМД елдерінде өткен чемпионаттарда жоғары шеберлік көрсеткенін атап өтті. Сөйтіп, оларПортугалиядағы Bsports жастар клубына өнер көрсетуге шақырту алған. Бірақ қаржылық жағдайдың қиындығына байланысты бара ала алмай отыр. 

«AMANAT» партиясының төрағасы батыр анаға жас футболшылар үшін қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Бұл мәселеге елорда әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі де атсалысатын болады. 

Ерлан Қошанов барлық қаралған өтініш бойынша партия филиалдарына нақты тапсырмалар беріп, олардың шешілуін жеке бақылауына алды.