Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысының тұрғындары ауыз суды көрші ауылдан есекпен тасып әлек

"21-ғасыр болғанмен, қазір цивилизация жоқ болып тұр ғой бізде", - дейді тұрғын.

Алматы облысының тұрғындары ауыз суды көрші ауылдан есекпен тасып әлек
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының тұрғындары ауыз суды есекпен көрші ауылдан тасып ішеді. Дулат аталып кеткен шағын аудан Алматыдан небәрі 50 шақырым қашықта жатыр. Жергілікті тұрғындар елді мекенде ауыз су мүлдем болмағанын айтады, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна тілшісінің айтуынша, ықшамаудан жұрты ауыз су үшін есек асырауға мәжбүр. Өйткені ойдым-ойдым жолдармен су тасу оңай емес. Бұл жерде 13 жылдан бері тұратын Айдарбек, әлі күнге есекпен көрші ауылдан су тасып жүргенін айтады.

"Нұра ауылынан тасимыз суды, 2-3 шақырым жердегі. Елдердің үйіне барасың, су алайыншы деп. Қысты күні ешкім бермейді, суды үйлеріне кіргізіп алған. Үйіне флягпен кіргізбейді. Содан кейін тұрасың, «ойбай, аға, көке, бере қойшы, сырттан ала қояйын. Қатып қалмайды, үйтіп қалмайды» деп", - дейді аудан тұрғыны Айдарбек Дербесов.

"Әкімдікке айтып-айтып шаршағанбыз ғой. Әйелдер барып, әкімдікке айтады-айтады, уәде береді. Уәде бергеннен пайда жоқ. Жол мәселесі қиын болып тұр бізде. 21-ғасыр болғанмен, қазір цивилизация жоқ болып тұр ғой бізде", - дейді тағы бір тұрғын Бақыт Жұманов.

Аудан әкімдігінің айтуынша, шағын ауданға су тартылып жатыр. Осы көктемде пайдалануға берілмек. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінген көрінеді.

"Дулат ықшам аудынының барлық көшелеріне су құбыры тартылып жатыр. Жобаның аяқталу мерзімі - 2021 жылдың сәуір айы. Аталған ықшам ауданда жарық желісі жүргізілген. Жәй серіктестік құру арқылы пайдаланып отыр. Сондықтан төлеу бағасы - 28 теңге. Қазір АЖК балансына қабылдау жұмыстары жүргізіліп бітті", - деді Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Асқарбек Қазанғап.