Өскеменде әйелдер өртенген ғимараттың 4-қабатынан секіріп кетпек болды (ВИДЕО)

Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген.

Өскеменде әйелдер өртенген ғимараттың 4-қабатынан секіріп кетпек болды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Өскеменде үрейленген адамдар өртеніп жатқан ғимараттың 4-қабатынан секірмек болды. Өрт болған жерден түсірілген видео мен фотосуреттер Instagram парақшаларында тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz

Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген. Екі әйел жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болды.

Өрт сөндірушілер келгенде ғимараттың төбесі өртенген. 200 шаршы метрді жалын шарпыды. Құтқарушылар дереу  азаматтарды эвакуациялады.

"Өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды. Өртті сөндіруге 37 жеке құрам мен 12 техника жұмылдырылды. Қазір Өскемен қаласының құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.