Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Орамалдағы қыздар төсек қатынасы жайлы айтуды трендке айналдырды»: психолог себебін түсіндірді

Психолог, интимтренер Айдана Сәкенқызы орамалдағы қыздар төсек қатынасын ашық талқылай бастағаны туралы және оған не түрткі болғанын отандық подкасттардың бірінде айтты, деп хабарлады Paryz.kz.

«Орамалдағы қыздар төсек қатынасы жайлы айтуды трендке айналдырды»: психолог себебін түсіндірді
Фото: Azattyq Ruhy

Психологтің сөзінше, хиджабтағы қыздар сексология туралы қазақ қоғамында ашық түрде алғаш айтып бастағандардың бірі.

«Жамылған қыздар төсек-қатынасын, техникаларды, интим жаттығуларды айтып бастады. Себебі Құранның өзінде жазылған, еркек күнде де, түнде де разы болуы керек деп нақты айтылған», - деді ол.

Маман көзге шөп салу қайдан келетінін айтты.

«Бізге осы кезге дейін қамыр жаю, өзіңді қалай ұстау, келіндік қызмет секілді нәрселерді үйретті. Сен инабатты, ибалы келінсің тағы басқа сөздерді санамызға құйды. Бізді ата-анамыз өсірген кезде айтпады ғой төсекте сүйт, бүйт деп. Тіпті ол тақырыппен ашық сөйлеспейміз. Қазақтың келіндері жалпы қыздары инабатты, ибалы болып келеді де, сосын тұрмыс құрғаннан кейін түнде не істеу керектігін білмейміз. Күндізгі шаруаның барлығын біз күшті жасаймыз. Сәлемді керемет саламыз, қонақты күтіп аламыз. Бірақ түнге келген кезде сол халатпен орамалмен инабатты келін рөлінен шыға алмай қаламыз. Сондықтан бізде көзге шөп салу көп. Әйел ешкіммен сөйлесе алмайды, ол жылайды», - дейді маман.