Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанның сыртқы қарызы - 161 миллиард доллар

Ресей алдындағы қарыз көлемі де ұлғайған. Бүгінде солтүстіктегі көршіміздің алдындағы берешек 34,3%-ға өсіпті. 

Қазақстанның сыртқы қарызы - 161 миллиард доллар
Фото: teleskop-by.org

Соңғы 5 жылда Қазақстанның сыртқы қарызы 4,6 миллиард долларға өсіп, 161 миллиардқа жеткен, деп хабарлады paryz.kz, LS сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанның қарызы 159,8 миллиард доллар болған. Ал 2015 жылдың дәл осы күнінде 155,2 миллард долларды құрапты. Осылайша, 5 жыл ішінде сыртқы қарыз 3%-ға немесе 4,6 миллиард долларға өскен.

Ал 2020 жылы қазан айының басында елдің сыртқы міндеттемелері 160,9 миллиард доллар болса, 2019 жылдың дәл осы күнінде 157,6 миллиард долларды құрап, 2,1% артқан.

Ең көп қарыз Нидерландыға тиесілі - 44,8 миллиард доллар (2015 жылы 43,1 миллиард доллар болған). Сонымен қатар, Бермуд аралдары алдындағы қарыз 12,6 есе өсіп, 9,5 миллиард долларға дейін жеткен. БАӘ-ге қарыз көлемі - 262%-ға жоғарылап, 2,1 миллиард долларға дейін, Германияға - 98%, 1,9 млрд долларға дейін өскен.

Ресей алдындағы қарыз көлемі де ұлғайған. Бүгінде солтүстіктегі көршіміздің алдындағы берешек 34,3%-ға өсіпті.

Швейцарияға - 21,4% және халықаралық ұйымдар алдындағы қарыз - 15,1%-ға ұлғайған.

Сондай-ақ, Ұлттық банк 5 жыл ішінде Қазақстан Вирджиния аралдарындағы міндеттемелерді 27%, Оңтүстік Корея мен Қытайға 25% және Гонконгке 19,6% азайтқан.

Көрсеткішке сәйкес, компанияаралық қарыздарға 101,4 миллиард доллар тиесілі. Қарыздың көп бөлігін де осылар құрайды. Басқа секторлардың қарызы - 41,06 миллиард доллар, Мемлекеттік басқару органдары - 12,4 миллиард доллар, банктердің сыртқы қарызы 13 пайызға артып, 5,2 миллиард доллар болған.