Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Алматыны жер бетінен жою керек»: елордалық әйел ұлтаралық араздықты қоздырған (ВИДЕО)

Желіде Астана тұрғынының қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтып, тәртіпсіздікке шақырған видеосы тарап жатыр.

«Алматыны жер бетінен жою керек»: елордалық әйел ұлтаралық араздықты қоздырған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Видеоны алдымен egov.press Telegram-арнасы жариялады. Онда әйелдің Астанада тұратыны және бұл оның ұлтаралық араздықты қоздырып, қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтқан жалғыз жазбасы емес екені жазылған.

Бұл қазақтарды барып қорғаудың қажеті жоқ еді. Жаңаөзендегідей бірін-бірі өлтірсін. Сондықтан мен тонау басталғанын қалаймын. Сол кезде кімнен көмек сұрап, кімге қарай жүгіретініңді көрер едік. Алматыны жер бетінен жойып жіберу керек, – дейді видеодағы әйел.

Астана қаласының полиция департаменті оның үстінен ҚР ҚК-нің 174-бабы («Әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қылмыстық іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.