Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордада Орта Азия бойынша ең биік аққала жасалды (ВИДЕО)

Елордада салынған аққала Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен деген атаққа үміткер болуы мүмкін.

Елордада Орта Азия бойынша ең биік аққала жасалды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында (Сарыарқа ауданы) ең үлкен аққала жасалды. Оның биіктігі - 10 метр, деп хабарлады paryz.kz, қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаевтың айтуынша, алып аққаланың салынуына бюджеттен ешқандай қаражат бөлінбеген.

"Елорда әкімдігі мен Сарыарқа ауданы тұрғындарының ынтасы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ауданның да, қаланың да көрікті жеріне айналған Аққала пайда болды. Жоба авторы - белгілі мүсінші-суретші, "Қазақ елі" монументінің авторы Сембіғали Смағұлов", - деді Әбдірахман Дәуленбаев.

Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен аққаланың ешқандай қаңқасыз, тек қардан жасалып шыққанын жеткізді.

"Аққаланы салу кезінде белгілі бір қиындықтар болды. Өйткені қатты аяздың салдарынан қар дұрыс жабыспай, құм сияқты шашылып жатты. Оның биіктігі - 10 метр, шарфының ұзындығы - 20 метр. Қалпақтың орамы - 5 метр", - деді Елнар Базыкен.

Елордада салынған аққала Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен деген атаққа үміткер болуы мүмкін.