Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінің төбесі құлап қалды

Ақаулық түзетіліп жатыр.

Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінің төбесі құлап қалды
фото: дереккөз

Нұр-Сұлтанның ескі орталығындағы сайлау учаскелерінің бірінде аспалы төбе жартылай құлады,  деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға учаске ашылғаннан кейін көп ұзамай болған. Суреттер Telegram-арнада жарияланды. Бұл ақпаратты елорданың білім басқармасы растады.

"№145 сайлау учаскесінде (Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысы, №3 мектеп-гимназия) аспалы төбеге аздап техникалық зақым келді. Ақаулық түзетіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта сайлау учаскесінің жұмысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін сайлау учаскелері 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық.