Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Биыл кепілсіз несиеге рақымшылық жасала ма?

Осылайша, барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 1,2 млн азаматтың 33,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлы кешірілген...

 

Биыл кепілсіз несиеге рақымшылық жасала ма?
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде 2021 жылдың 15 қаңтарында кредиттерге рақымшылық жасалатыны туралы ролик таралып жатыр. Бірақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады paryz.kz.

Қаңтардың басында youtube-арнасында "жаңа несиелік рақымшылық" туралы видео таралғаны белгілі. Онда 5 миллион қазақстандықтың банк алдындағы кепілсіз қарыздары және төлемдердің мерзімін кешіктіргені үшін салынатын өсімпұлдар мен айыппұлдар шығынға жазылатыны айтылған. Бірақ бейнероликте 2019 жылғы Қазақстанда болған кредиттік рақымшылық туралы деректер пайдаланылғаны анықталды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған роликтегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

"Видеоның 2021 жылғы қаңтарда жарияланғанына қарамастан, ондағы ақпараттар Қазақстанда 2019 жылы өткізілген рақымшылық туралы екенін естеріңізге саламыз. Әрі Қазақстан Республикасының Президенті бұл акцияның бір-ақ рет болатынын, одан кейін өткізілмейтінін айтқан. Сондықтан бейнероликтегі Қазақстанда жоспарланған кредиттік рақымшылық туралы деректер шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Агенттіктің  мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылы өткізілген кредиттерге рақымшылық жасау акциясында өмірлік қиындыққа тап болған қарыз алушылардың 300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтелген, 578 мың қазақстандықтың 120 млрд теңгелік кредиті есептен шығарылған. Азаматтардың 52%-ның берешегі толық көлемде өтелді. Осылайша, барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 1,2 млн азаматтың 33,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлы кешірілген.