Ақтауда екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Белгілі болғандай, бірінші көлік жүргізушісі жол бермеген.

Ақтауда жол апаты болып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлады paryz.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Апат 8 қаңтарда Шығыс-1 және Шығыс-2 шағын аудандары арасында болған. Audi B4 және Toyota 4Runner автокөліктері соқтығысты. Белгілі болғандай, бірінші көлік жүргізушісі жол бермеген. Көліктердің соқтығысу сәті видеоға түсіп қалған.

"Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қылмыстық Кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды", - деп атап өтті Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.