Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«25-тен кейін асықпай күйеуге тиген жөн»: Ләйлә Сұлтанқызы «қыз алып қашуға» қатысты пікір білдірді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «қыз алып қашуға» қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«25-тен кейін асықпай күйеуге тиген жөн»: Ләйлә Сұлтанқызы «қыз алып қашуға» қатысты пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желіден

«Алып қашу деген болмайды. Енді… Бір қызық оқиға есіме түсіп тұр. Кезінде қызы мен анасы келіскен ғой “егер сені еркіңнен тыс алып қашса, сенен өз еркіммен келдім деген қолхат алатын болса, 3 леп белгісін қой, ал егер шын сүйіп қосылсаң 1 леп белгісін қой” деген екен. Сөйтіп, әлгі қызды аяқ астынан танымайтын жігіт алып қашып, қолхат алып, оны қуғыншыларға берсе, ана хаттың соңында 3 леп белгісі тұр екен. Оны көрген анасы қызын алып қайтыпты. Өмірде болған жағдай», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Тележүргізуші мектеп бітіре сала алып қашып кеткен өз қатарластары туралы айтты.

«Бүгін алып қашудың жазасы күшейтілетінін оқып, есіме өз әкем түсіп отыр. 16-ға тола салып, жалғыз қызын алып қашып кетер деп уайымдап, мектеп бітірген күні Алматыға оқуға алып кетті. Сол кезде көрші-қолаңның қыздары бірінен соң бірі күйеуге (өз еркімен, еркінен тыс) тиіп жатты. Әкем сонда, бастысы өмірдегі орнын дұрыс тапсын деп уайымдаған ғой. Алып қашу, қинап қалдыру, әженің табалдырыққа жатуы, бауырсақ шашуы сияқты трюктар жасайтын сонда. Қалыпты жағдай деп те ойладық қой соны біз. Ол кезде үндемеді емес, арызданушылар да болды. Оның өзін тек жүрек жұтқандар, ұятты ысырып қойғандар ғана жасады», – дейді тележүргізуші.

Ол қазіргі жастардың мұндай әрекетке бара бермейтінін айтады. Сондай-ақ қыз-жігіттердің ақыл тоқтатып барып, шаңырақ көтергенін құп көреді.

«Қазір ешкім мұндай трюктерді жасамас. Ұлдар да, қыздар да ақылды деп ойлаймын. Қасымдағы қыздар; “қазір ерте тұрмысқа шығып, балалы болу приоритетте емес. 25-тен кейін асықпай күйеуге тиген жөн. Оқып, ел-жер көріп, дамып, жағдайымызды жасаумызы керек дейді, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.