Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Сайлауға байланысты науқастарды ауруханадан шығармай жатыр..." - ДСМ түсінік берді

Мұндай ақпараттың таралу көзі WhatsApp мессенджеріндегі хат болған. Онда желі қолданушысының бірі анасын сайлауға қатысу үшін ауруханадан шығармай жатқаны айтылады.

"Сайлауға байланысты науқастарды ауруханадан шығармай жатыр..." - ДСМ түсінік берді
фото: Азаттық радиосы

Денсаулық сақтау министрлігі "пациенттерді сайлауға байланысты ауруханаларда қалдырады" деген хабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram арнасында ауруханаларда пациенттерді медициналық мекеме аумағындағы сайлауға қатысу үшін босатпай жатыр деген ақпарат тарады.

Мұндай ақпараттың таралу көзі WhatsApp мессенджеріндегі хат болған. Онда желі қолданушысының бірі анасын сайлауға қатысу үшін ауруханадан шығармай жатқаны айтылады. Ауруханада барлығын жексенбіге дейін дауыс беру үшін ұстайды делінген.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Барлық пациент өз стационарларына орналастырылды. Барлық өңірлер бойынша стационарларға жатқызу және шығару жоспарлы режимде жүріп жатыр. Пациенттерді сайлауға байланысты ауруханадан шығаруды кейінге қалдырған жағдайлар болған жоқ", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.