Алматы облысында аяздан қой қатып қалған (ВИДЕО)

Қазгидромет мәліметінше, 5 және 6 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы өте төмен болды.

Алматы облысында аяздан қой қатып қалған (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Алматы облысында далада қатып қалған қойдың видеосын таратуда. Термометр бұл күндері аймақта минус 30 градустан төмен көрсеткіш көрсеткен, деп хабарлады paryz.kz.

Видео авторы жағдай Жансүгіров кентінің маңында (Алматы облысы Ақсу ауданының әкімшілік орталығы) болғанын айтады.

"2021 жыл, бірінші айдың алтыншы күні (6 қаңтар). Жансүгіровте қой осы жерде тоңып қалды", - дейді ер адам малға қарай жақындап.

Ол түрткенде қой жерге құлайды.

Қазгидромет мәліметінше, 5 және 6 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы өте төмен болды. Түнде термометр бағандары 30-32, ал кейбір аудандарда 35 градусқа дейін көрсетті.