Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Аслан Мусин ұлының мұрасына қатысты сотта жеңіске жетті

Асылбек Мусин Ригадағы 15-қабаттың терезесінен құлап қаза тапқан. Ол сонда 38 жаста еді.

Аслан Мусин ұлының мұрасына қатысты сотта жеңіске жетті
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі, қазір зейнеткер Аслан Мусин қаза тапқан ұлының мұрасы үшін Мемлекеттік корпорациямен соттаcып, жеңіске жетті, деп хабарлады paryz.kz, "Диапозон" басылымына сілтеме жасап. 

Асылбек Мусинге "Алико", "А-Полиграфия", "МК-Бизнес", "Портал-Б", "Меридиан-С" компанияларындағы жарғылық капиталдың үлесі тиесілі болды.

Аслан Мусин 2013 жылы туысы Әнуарбек Мусиннің компанияларындағы осы үлесін Асылбектің атынан сенімхатпен "Ақтөбе" ӘКК-ге бергенін анықтады. Ол мемлекеттік корпорация ұлының бизнесі мен мүлкін заңсыз иемденді деп санайды. Себебі, Асылбек сенімхат жазған кезде шетелде болған. Аслан Мусин туысы Әнуарбек Мусинді, "Ақтөбе" ӘКК-ын сотқа беріп, мәмілелерді заңсыз деп тануды және барлығын қайтаруды талап етті. 

Жақында Ақтөбедегі сот Аслан Мусиннің пайдасына шешім шығарды. Асылбек Мусиннің атынан сенімхат және ол бойынша жасалған барлық мәмілелерді сот заңсыз деп танып, тараптарды бастапқы қалпына келтірді. Даулы мүлік Асылбек Мусиннің меншігіне қайтарылды. Ол қайтыс болғандықтан, оларды Аслан Мусин мұрагер ретінде ала алады.

Еске салайық, 67 жастағы Аслан Мусин 1995 жылдан 2002 жылға дейін Ақтөбе облысының әкімі, содан кейін Атырау облысының әкімі, Президент әкімшілігінің басшысы, Хорватиядағы елші болған. 2017 жылдан бастап зейнетте.

Тағы да оқи отырыңыз: Атышулы Аслан Мусин ұлының мүлкі үшін сотқа жүгінді

Асылбек Мусин Ригадағы 15-қабаттың терезесінен құлап қаза тапқан. Ол сонда 38 жаста еді.