Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Солтүстік Қазақстанда студент мал бағып, айына 500 мың теңге табады

Қазір елімізде өкінішке қарай, шопан таяғын ұстап қалар малшы қалған жоқ. Жастар ат тізгіндеп, мал баққаннан гөрі темір тұлпарды қыздырып, таксист болып жүргенді жөн көреді. 

Солтүстік Қазақстанда студент мал бағып, айына 500 мың теңге табады
фото: әлеуметтік желіден

Ал Солтүстік Қазақстан облысында тұратын 18 жастағы Айдос есімді жігіт керісінше, айына 500 мың теңге тауып жаз бойы мал баққанды жөн көреді екен. Бұл ақпарат Қостанай облысы Амангелді ауданының «Амангелді арайы» газетінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Ернар Алмабек есімді фотограф студенттің мал бағып, қомақты табыс тауып жүргенін Солтүстік Қазақстан облысына барғанда білген. Ол Айдос есімді 18 жастағы жігітпен кездейсоқ жолда кездесіп, сөйлескенде жас жігіт оған малдың иелері төрт түліктің әр басына 2 000 теңгеден төлейтінін, жалпы мал басы 250-ге жететінін айтқан.

Малды жаз бойы өзім бағамын. Қазір малшылар аз ғой. Жастардың бәрі қалаға тартады, –  деді Айдос фотографқа.

Айдостың айтуынша, ол Көкшетау қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы университетте оқиды. Мамандығы – тау-кен ісі.

Жақсы мамандық.  Өзіме ұнайды. Болашағы бар мамандық. Қазір малшылар аз ғой. Жастардың бәрі қалаға тартады, –  деді Айдос.

Оның айтуынша, жарты миллион теңге өзіне жетеді.

Жақсы ақша. Сондықтан ауылға келіңдер. Ауылда тамаша, деді студент