"Қараңдар мынаған!": Семейде көпқабатты тұрғын үйді су басты (ВИДЕО)

Айта кетейік, 9 қабатты бұл үй 2019 жылы қолданысқа берілген.

Бүгін Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа үйдің жоғарғы қабатынан су аға бастаған. Шатырда ыстық су құбыры жарылғаны анықталды, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғары қабаттағы пәтерлерді су басқан. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, су бірінші қабатқа дейін жеткен. Оны тоқтату үшін ПИК қызметкерлері құбырды жапты. Алайда сырттағы ауа температурасының 30-40 градус болуы жағдайды қиындатып тұрған көрінеді. 

"Бізде топан су болып жатыр! Мұндай үйде қалай өмір сүруге болады? Біздің көшкенімізге бір жыл да болған жоқ. Кейін не болмақ? Бұл - жаңа үй! Үй салушылар, қараңдар мынаған!" - дейді ашынған тұрғын. 

Тұрғындар су қатып, мұз болып қалмауы үшін түні бойы үйді тазалап шыққан. Айта кетейік, 9 қабатты бұл үй 2019 жылы қолданысқа берілген.