Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті

Автомобиль жуу орнында көліктер тығыз орналасқандықтан, өрт сөндіру қиын болды...

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті
фото: дереккөз

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті, деп хабарлады paryz.kz, елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көлік жуу пунктінің екі қабатты ғимаратында автокөліктердің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл көлік зақымданды, оның 12-сі толығымен жанып кетті", - деп хабарлады ТЖД.

Автомобиль жуу орнында көліктер тығыз орналасқандықтан, өрт сөндіру қиын болды. Өрт сағат 10.21-де оқшауланып, 10.53-те сөндірілді.

Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.