Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Карантин: биыл Алматыда мұз ойығына шомылу рәсімі өтпеуі мүмкін

Тіпті, қазақ жігіттері мұзды жаңа туған айдың үлгісінде ойып, "Аллаһу акбар!" деп сүңгіп-сүңгіп алатынды шығарған...

Карантин: биыл Алматыда мұз ойығына шомылу рәсімі өтпеуі мүмкін
фото: nur.kz

Биыл Алматыда христиандардың суға шомылу рәсімі өтпей қалуы да мүмкін. Православ қауымы үшін маңызды діни рәсімнің өтуі немесе өтпеуі әлі толық шешілген жоқ, деп хабарлады paryz.kz, Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Пандемияның таралуы күрделі болғандықтан, Дін істері басқармасы қандай да бір шешімге келмеген.

"Құдайға құлшылық" атты суға шомылу рәсімі биыл 18-19 қаңтарда өтеді. Адамдардың ең көп жиналатын уақыты - 19 қаңтар. Діни құлшылық шіркеулерде өте береді. Алайда суға шомылу рәсімінің өтуі немесе өтпеуі пандемияға байланысты әлі белгісіз. Бұл туралы алдағы уақытта тағы да қаланың санитарлық өкілдерімен де, шіркеу қызметкерлерімен де ақылдасамыз. Былтыр қалада суға шомылатын 10 орын дайындалды. Оған шамамен 10 мыңдай адам келді", - деді Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Бағдаулет Әбдіхамитов.

Еске сала кетсек, ол күні тек Православ наным-сеніміндегілер ғана емес, денсаулығын күткен кез келген адам шомыла береді. Тіпті, қазақ жігіттері мұзды жаңа туған айдың үлгісінде ойып, "Аллаһу акбар!" деп сүңгіп-сүңгіп алатынды шығарған.