Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қарағандыда базар маңында ер адамды балталап тастаған

Оқиға орнында 37 жастағы күдікті ұсталды. Ол істеген әрекетін мойындаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағандыда базар маңында ер адамды балталап тастаған
фото: ашық дереккөз

Қарағандыдағы "Алтын арба" базарындағы контейнерлердің бірінен 35 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қаңтарда қарағандылық полицейлер контейнерлердің бірінен ер адамның денесін тапқан. Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші бірнеше рет балта тиіп, қан жоғалтқаннан кейін қайтыс болған. Оқиға орнында 37 жастағы күдікті ұсталды. Ол істеген әрекетін мойындаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

"6 қаңтарда Қарағандының "Алтын арба" сауда үйі контейнерлерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қарағанды полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орнында 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол жанжал кезінде жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.