Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қаңтар құрбандарының саны азаяр емес

Мәжілісмен Ермұрат Бапи «Paryz.kz» берген сұхбатында Қаңтарға қатысты мемлекеттік тұрғыда тергеу, тексеру болмайынша, біз оның ақ-қарасын айыра алмайтынымызды айтты...

Қаңтар құрбандарының саны азаяр емес
Сурет: @rukh2k19

- Өткен жолғы Талдықорғанда сотталған сарбаз – қаңтар құрбандарының бірі,- деді Ермұрат Бапи.

- Қаңтар – халықтың трагедиясы. Зердемізден кетпейтін қанды оқиға. Ол тек қоғам тарапынан емес, мемлекеттік деңгейде  зерттеліп, зерделеніп, оған баға берілмейінше,ол жұтылмай қалған жұмбақ болып қала береді.

Кешегі сотталған сарбазды мен ақтайын деп тұрған жоқпын. Бірақ, ол Қаңтардың бір құрбаны.  Оның екі оғынан бір отбасы өліп қалған жоқ қой? Бір оқ екі адамды өлтірмейді. Анықталмаған жәйттар өте көп. Ол бір Талдықорғанда ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша, Семейде, Өскеменде, Алматыда қаншама жанды ауыртатын оқиғалар орын алды. Бір Айкөркемнің ажалының өзі  анық-қанығы ашылмаған жағдай. Сондықтан, Қаңтар мәселесіне дәл қазір болмаса да, жақын болашақта қайтып ораламыз...

Біз келер ұрпаққа аманат етпей, Қаңтар трагедиясын біз ашып, өз бағамыздыберуге тиіспіз, - деді Ермұрат Бапи «Paryz.kz» берген сұхбатында.

Оның ойынша, таяу болашақта бұған қатыстыүлкен мемлекеттік комиссия құрылып, оған қоғам мүшелері де қатысады. Кезіндегі Желтоқсан көтерілісі секілді көтерілуге тиісті.

- Ал, осы күйінде Кәрім Мәсімовтың сотталуы, болмаса, кешегі Талдықорғандағы сарбаздың 6-7 жылға сотталуы, немесе, өліп қалған әруақтардың сотталуымен Қаңтардың жұмбағы, Қаңтардың құпиясы жабыла қалмайды. Бұл – уақытша қоғамды тыныштандырудың әрекеттері. Түбегейлі, тыңғылықты жауап емес, - деді Е. Бапи.