Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

БҚО-да барконьерлікпен айналысқан фермер бар малынан айырылды

Заңсыз аңшылық қаржылық жағдайын қиындатып жібергенін өзі де мойындап отыр. Ол енді заңға қайшы әрекет етпеуге уәде берді.   

БҚО-да барконьерлікпен айналысқан фермер бар малынан айырылды
фото: ашық дереккөз

БҚО-да браконьерлік жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылған шаруа қожалығының иесі мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу үшін мемлекет пайдасына 16 миллион теңге айыппұл төледі. Бұл - шамамен 38 мың доллар, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Мемлекетке келтірілген шығынды өтеп беру үшін ер адам қорасындағы бар малын сатқан. Заңсыз аңшылық қаржылық жағдайын қиындатып жібергенін өзі де мойындап отыр. Ол енді заңға қайшы әрекет етпеуге уәде берді.   

"Браконьерлікпен айналысқаны үшін 2 жылға бас бостандығы шектелген азамат 16 миллион теңге көлеміндегі шығынды ерікті түрде өтеп беруге келісті. Жазасын өтеу кезінде ешқандай теріс әрекет жасамағанын, шығынды толық өтегенін есепке ала отырып, сот оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енді", - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД басшысы Азамат Ізтілеуов. 

Ал ҚАЖД пробация қызметіндегілер нақты мерзімге сотталмаған азаматтың ірі көлемдегі шығынды өтеуі бірінші рет тіркелгенін айтты.